Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Kazakhstan Machinery Fair 2025 өткізу туралы

2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында 6-шы Халықаралық мамандандырылған көрме — Kazakhstan Machinery Fair 2025 өтеді.

Бұл іс-шара машина жасау саласы мамандарының кездесулеріне арналған маңызды алаң әрі Қазақстан мен Орталық Азия мамандары үшін негізгі оқиға болмақ.

Келесі салалар көрменің негізгі бөлімі қатарына кіреді:

  • Машина жасау және технологиялар;
  • Өнеркәсіптік жабдықтар;
  • Логистика және көлік;
  • Автоматтандыру және робототехника;
  • Өндірісті басқару жүйелері.

7262 шаршы метр аумақта 18 елден 200-ден астам қатысушы, 30-дан астам спикер және 3087 кәсіби өкілдер қатысады деп күтілуде. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік сектор мен бейінді бизнес-қауымдастықтар өкілдері үшін көрме тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бизнесті дамытудың тиімді платформасы болады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары да көрмеге қатысып, барлық ниет білдірушілерді олармен танысуға шақырады.

Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 23-25 сәуір;

Орны: «EXPO» халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел 53/1.

Кері қайту