Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Үздік тәжірибелік база-2024» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті. Онда «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ 3 орынға ие болды.
Байқау жеңімпаздарын ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай мен академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Байжұман Қашқынбай құттықтады.
Мамырдан маусымға дейін осы университет студенттері кәсіпорында практикадан өтіп, тамаша техникалық білімдерін көрсетті, өндірісте қажетті практикалық дағдыларды игерді.
Байқау физика-техникалық ғылымдар институты мен жоғары білім беру мектебінің 10 факультетінің қатысуымен 3 кезеңде өтті. Проректорлар, жұмыс берушілер және ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшылары құрамындағы комиссия мүшелері бейнероликтерді таңдап, оларға баға берді.
Сонымен қатар, бұл конкурс білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу сапасын арттыру, білім алушылардың еңбек нарығында біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу, білім алушылардың кәсіптік практикасынан өту тәжірибесімен алмасу, әлеуетті жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды қолдау үшін ұйымдастырылды.
Айта кетейік, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жастардың, оның ішінде болашақ кадрлардың дамуына үлкен көңіл бөледі. Бірінші кезекте бұл белсенді, сауатты әрі өз білімдерін Компания тобының құрылымында қолданып, елдің игілігі үшін жұмыс істеуге дайын жас мамандар болып табылады.