Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Жұмыс тобын құру туралы жаңа хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өтетіні туралы хабарлайды

Жұмыс тобының құрамы-3 адам:

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдері-1 адам,

азаматтық қоғамның өкілдері-2 адам.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде кандидатуралар бойынша қажетті құжаттарды қоса бере отырып ұсыныстар береді:

қолма-қол: 010000, Астана қаласы, Керей көшесі, Жәнібек хандар, 12а ғимарат, 8 қабат, 806 кабинет;

электрондық мекен-жайы: ke@ke.kz.

Конкурсты өткізу мерзімі: 10 жұмыс күні.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күні.

Ескерту: жұмыс тобы құрамындағы азаматтық қоғам өкілдерінің барлық жұмысы ақысыз негізде жүргізіледі.

Конкурсқа электрондық (түрлі-түсті сканерлеу) және қағаз жеткізгіштерде қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;

2) кандидаттың өмірбаянынан деректерді көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды пайдаланумен байланысты бұзылулардың болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім береді.

Жұмыс тобының мүшелігіне үміткер 3) және 4) тармақшаларда көзделген анықтамаларды дербес немесе Компанияға ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуге жазбаша келісімін беру арқылы ұсынады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жұмыс тобының отырыстарына қатысуға дауыс беру құқығы жоқ байқаушылардың тізімін қалыптастыру туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын адамдар байқаушылар бола алады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін нысанбойынша өтінішті осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ke@ke.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

Кері қайту