Қазақстанда бұл күн қазақ халқының бостандығын, бірлігі мен ұлылығын бейнелейді. Бұл біздің ата-бабаларымыздың батылдығы мен табандылығын, тәуелсіздік құқығын қорғаған және мемлекетіміздің дамуына берік негіз қалағандарды еске салатын мереке.
1991 жылғы 16 желтоқсан ата-бабаларымыздың егеменді мемлекет туралы арманын жүзеге асыра отырып, еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болды. Бұл жолдағы маңызды кезең 1986 жылғы желтоқсандағы қазақстандық жастар әділдік пен ұлттық қадір-қасиет үшін күресте теңдессіз батылдық пен жанқиярлық танытқан оқиғалар болды.
«Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге»,-деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында атап өткен.
Бүгінде Егемен Қазақстан әлемдік аренада өз позициясын нығайта отырып, прогресс жолымен сенімді түрде жүріп жатыр. «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ ел экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына үлес қосу мүмкіндігін мақтан тұтады. Біз заманауи технологияларды жасаймыз, машина жасау саласын дамытамыз және Отанымыздың қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз етуге белсенді қатысамыз.
Тәуелсіздік күні - бұл тарихи күн ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағына қосқан әрбір үлестің маңыздылығы жайлы естелік. Біз ата-бабаларымыз қалдырған бай мұраны сақтап, көбейтіп, мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуды жалғастыруымыз керек.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!