Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering мекемесінде H145 D3 тікұшағын тапсыру процессі өтті

2024 жылғы 18 желтоқсанда «Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering» Бас директоры Сесиль Арно жаңа әуе кемесінің кілттерін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновке тапсырды. H145 D3 тікұшағы іздеу-құтқару, орман және табиғи өрттерді сөндіру және басқа да маңызды төтенше жағдайларға қарсы уақтылы әрекет ету міндеттерін қоса алғанда - көптеген тапсырмаларды орындау үшін таңдалды.

«Авиациялық паркті жаңарту - біздің қызметтеріміздің тиімділігін арттыратын стратегиялық міндет. Біз әр өңірде авиациялық отрядтар құруды жоспарлап отырмыз, бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деп айтты Шыңғыс Әрінов. ТЖМ басшысы заманауи тікұшақтарды пайдалану үшін кадрлар даярлаудың, сондай-ақ шұғыл қызметтердің авиациясына инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

​H145 D3 тікұшағы маневрлік, сенімділік және әртүрлі климаттық жағдайларға жоғары бейімделгіштікке ие.Бұл оны тиімділік пен дәлдікті қажет ететін жағдайларда жұмыс істеудегі тамаша таңдау қылады. Ол заманауи медициналық жедел жәрдем жабдықтарымен, өртті сөндіруге арналған су шашатын құрылғымен, сондай-ақ су айдындарында жұмыс істеуге арналған құтқару цилиндрлерімен жабдықталған.

​Тікұшақтың басты артықшылықтарының бірі- түнгі операциялар мен жеткіліксіз көріну жағдайында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қуатты прожекторының болуы. Бұл тұрақсыз жағдайларда оның мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

«H145 D3 тікұшағын алу Қазақстан ТЖМ авиациялық паркін жаңғырту бағдарламасы аясындағы маңызды қадам болып табылады. 2024 жылы біздің авиация авариялық-құтқару операцияларын жүргізу, өрттерді сөндіру және оқу – жаттығуларға қатысу үшін 2537 рет ұшып шықты», - деді «Қазавиақұтқару» АҚ Бас директоры Алпамыс Камалов.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстанда тікұшақ саласын дамыту перспективалары, оның ішінде H160 тікұшағын бейімдеу, кейіннен өндірісті жергілікті қамту мәселелері талқыланды.

Кері қайту