Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау конкурсы

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (Kazakhstan Engineering) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Азаматтық қоғам өкілдерінен Қоғамдық кеңестің жеті мүшесін сайлау жөніндегі конкурсқа өтініштерді қабылдауды жариялайды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы саны-10 адам,

  • оның ішінде азаматтық қоғам өкілдері-7 адам,
  • акционерлік қоғам өкілдері-3 адам.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қағаз түрінде келесі мекенжайға тапсырады: 010000, Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12А үй, 8 қабат, 806 кабинет, және электронды түрде (түсті скан) осы электрондық поштаға: ok@ke.kz

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;

2) кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, соңғы бес жылдағы кәсіби және қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болмағаны туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім береді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат 3) және 4) тармақтарда көзделген анықтамаларды дербес немесе көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етуге жазбаша келісім арқылы ұсынады.

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

1-нысан. Өтініш

2-нысан. Коммерциялық емес ұйымнан ұсыну (ұсыныс)

3-нысан. Қызметі туралы мәліметтер

4-нысан. Дербес деректерді жинауға келісім

Кері қайту