Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Абайдың қазақ халқы мәдениетін дамытудағы рөлі

Кәсіпорында мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс - шаралар жоспарын орындау мақсатында кадрлар маманы М.К. Кумарова "Қазақ халқының мәдениетін дамытудағы Абайдың рөлі" тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Тыңдаушыларға ойшыл, ғалым, композитор, қазақ халқының ұлы ақыны, философ – гуманист, көркем сөздің зергерлік шебері Абай Құнанбаевтың шығармашылығы ұсынылған қысқаметражды фильм көрсетілді. 

Презентацияда оның шығармашылық жұмыстары мен орыс әдебиетінің классиктері Пушкин А.С., М.Ю.Лермонтовтың аудармалары, Абай Құнанбаев атындағы мұражайлар, ескерткіштер көрсетілген. Тарихи фотосуреттері бар ұлы ақынның ұрпақтары туралы материал сенімді түрде ұсынылған. Іс-шара оң және танымдық ұйымдастырылған.

Кері қайту