2024 жылы 25 қыркүйекте Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында көлік колледжі студенттерінің "Семей Инжиниринг" АҚ Әкімшілігімен кездесуі ұйымдастырылды. Директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Р. А. Турагулов экскурсия ұйымдастырып, кәсіпорын қызметкерлерімен – біздің колледж түлектерімен кездесу өткізді, кәсіпорынның тарихы мен зауыттың даму перспективаларын айтып берді. Еңбек күніне арналған осындай іс-шараларды ұйымдастыруда негізгі мақсат-жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі мен беделін арттыру, отбасылардағы жұмысшы әулеттердің дәстүрлерін жандандыру, еңбек өнімділігін ынталандыру, жастардың назарын аудару, еңбек ұжымдарын нығайту . Айбек Серікболұлы, көлік колледжінің директоры "Семей Инжиниринг" АҚ Бас директоры Қайрат Мұратбекұлы Хасеновке жемісті ынтымақтастығы және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді!