Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы баршаңызды Жаңа жылмен құттықтайды!

Сіздерді «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы ұжымының атынан және жеке өз атымнан келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Біз бірге өткен жылдың қиындықтарын еңсеріп, Қазақстанның қорғаныс және азаматтық өнеркәсібінің дамуына үлес қоса алдық. Бұл біздің қызметкерлердің еңбегінің, олардың кәсібилігі мен ортақ іске берілгендігінің арқасында мүмкін болды.

Алда жаңа мақсаттар мен міндеттер күтіп тұр. Біз кез келген сын-тегеуріндерге төтеп беріп, технологияларды дамыта отырып, инновациялық шешімдер жасап, Қазақстанда және шетелде өз позициямызды нығайта отырып, алға жылжитынымызға сенімдімін. Алдағы іс-әрекеттерімізде біз Мемлекет басшысының ҚӨК дамыту мәселелері жөніндегі нұсқауларын басшылыққа алатын боламыз.

Алдағы жыл сізге және сіздің отбасыларыңызға амандық, қуаныш пен шабыт әкелсін. 2025 жыл біз үшін жаңа жеңістер мен бірлескен табыстар жылы болсын!

Басқарма Төрағасы

Т. Тұрлыбаев

Кері қайту