Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
2024 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыратын жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» конкурсының қорытындысы бойынша «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС Бас директоры Ғ.Н. Байсейітов жеңімпаз деп танылды.

Сыйлық табыстау «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ Заңы шеңберінде өтеді әрі ғылымды қолдау мен жас ғалымдар мен зерттеушілерді жаңа жетістіктерге ынталандыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды. Отандық өнеркәсіп үшін маман даярлау ісі – өте өзекті мәселе. Жалпы, мемлекет, ғылыми қоғамдастық және бизнес арасындағы жасампаз серіктестік отандық ғылымды өрге сүйрейтін негізгі шарт екеніне сенімдімін»,-деп өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткен.

Жетекші сарапшылар мен ғалымдардан тұратын Республикалық конкурстық комиссия 50 лауреатты анықтады. Жеңімпаздар:

  • ғылыми-зерттеу институттарының;
  • жоғары оқу орындарының;
  • әр түрлі саладағы ұйымдардың ғылыми бөлімшелерінің өкілдері болды.

Бірінші кезекте сыйлық ғылым мен технологияларды дамытуға белсенді қатысатын ғалымдарды қолдауға, қолданбалы және теориялық маңызы бар зерттеу қызметін көтермелеуге, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін ғылыми жетістіктерді тануға бағытталған.

«Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру Қазақстанның ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайту бөлігінде «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС жұмысының маңыздылығын атап көрсетеді. Сыйлықпен марапатау тек жетістіктерді мойындаумен шектелмей, елдің қорғаныс қабілетін арттыруға және өнеркәсіпке инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған келешек әзірлемелер дайындауға ынталандырады.

Кері қайту