Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылатын акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорды конкурстық іріктеу Тәртібіне* сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорды конкурстық іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Орналасқан жері, телефоны – Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей Жәнібек хандар көшесі, 12А, тел.+7(7172) 725252
Қоғам «Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысына сәйкес қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын Қоғамның құрамына енгізу жолымен Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылды.
Қоғам азаматтық және арнайы өнімді, сондай-ақ қосарланған мақсаттағы өнімді шығаруға маманданған машина жасау кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз етуге арналған холдингтік құрылым болып табылады.
Тәуелсіз директорға қойылатын біліктілік талаптары:
1. Тәуелсіз директор ретінде Қоғамның Директорлар кеңесіне сайлануға үміткер келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:
1) осы Қоғамның үлестес тұлғасы емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмады (оның осы Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда);
2) осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға емес;
3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғам ұйымдарының – үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныстылығы жоқ және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағынысты болмаған;
4) мемлекеттік қызметші емес;
5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционер өкілі емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған;
6) осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған;
7) отыз бес жастан жас емес;
8) үміткердің жоғары білімі және/немесе «магистр» дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі болуы керек.
9) үміткердің Қоғамның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда немесе іргелес салаларда мамандығы бойынша кемінде бес жыл және/немесе кемінде үш жыл Директорлар кеңесі мүшесі ретінде жұмыс тәжірибесі болуы керек.
2. Егер адам аталған тармақтардың біреуіне немесе бірден бірнешеуіне жататын болса, тәуелсіз директорға үміткер бола алмайды:
1) бұрын мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының және басқа елдердің заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген не алынбаған соттылығы не қылмыстық жауаптылықтан босатылуы бар;
3) бәсекелес ұйымның лауазымды адамы немесе қызметкері болып табылатын;
4) тиісті уәкілетті органның шешімі бойынша кез келген елде Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде беделін түсірген және (немесе) шеттетілген.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдерін қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 30 қаңтар.
Конкурстық комиссия жұмыс органының пошталық мекенжайы – Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта мекенжайлары - s.berdalina@mps.gov.kz, a.sereke@mps.gov.kz, тел. (7172) 983192, 983436.
Тәуелсіздік директор позициясының реттік нөмірі – 1 (№1 конкурс).