Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

21 қаңтарда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 2025 жылғы 15 қаңтардағы №6 бұйрығымен қалыптастырылған «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы бірінші отырысы өткізілді.

Басқарма Төрағасы Талғат Тұрлыбаев төраға ретінде Нұрсипатов Нұржан бастаған «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелеріне Қоғамдық кеңесті қалыптастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, олардың біліктілігі мен тәжірибесінің жоғары деңгейін атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, белгілі қоғам қайраткері және ҮЕҰ өкілі Аманжол Зейноллаұлы Оразбаевты Қоғамдық кеңестің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, жұмыс тобы Қоғамдық Кеңес туралы ереженің жобасын қарап, бекітті, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Кері қайту