Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Astana Invest» ҚИДО» ЖШС басшылығымен кездесу

Astana Invest фронт-офисінде «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС Басқарма Төрағасы Асхат Бекеевтің басшылығымен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Тұрлыбаевпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ғылыми-өндірістік база салу, сондай-ақ зауыттарда роботтандырылған техника өндіру бойынша жобаны іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Astana Invest қалада инвестициялық жобаларды іске асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр. Фронт-офис қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады, бұл инвесторларды тарту және сүйемелдеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді және орталықтандырады.

Кері қайту