2025 жылғы 31 қаңтар-1 ақпан аралығында Алматы қаласында «Digital Almaty: жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» халықаралық цифрлық форумы өтеді. Бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы.
2024-2026 жылдарға арналған «Жасанды интеллекттің озық технологияларын пайдалана отырып, дрон индустриясында инновациялық кешенді өнім жасау» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС қызметкерлері көрмеде FPV-дрондар бойынша жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Олар қажетті сараптамалық қолдау көрсете отырып, ұйымдастырушылар және техникалық кеңесшілер ретінде әрекет етеді.
Іс-шара аясында зауыт мамандары сараптамалық қолдау көрсетеді, пилотсыз технологиялар саласындағы өз білімдерімен бөліседі және қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.
Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының технологияларын насихаттауға және дамытуға, сондай-ақ осы саланың мамандары арасында тәжірибе алмасуға бағытталған демонстрациялық ұшулар, мастер-кластар және тақырыптық талқылаулар жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары ҚР ЦДИАӨМ, ҚР СІМ, Алматы қаласының әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Astana Hub).
Форум 31 қаңтар—1 ақпан аралығында Алматы қаласында, «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында өтеді.