Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі ҚР Парламенті Сенатының қарасты «Талдау мектебі» бағдарламасының қатысушыларымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы «Талдау мектебі – Школа аналитики» Қоғамдық бағдарламасы аясында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Министрліктің қарамағындағы экономика салаларын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін оның қатысушыларымен кездесті.

Бағдарлама өкілдерінің арасында пікірталасқа «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкері Н.С. Смайылов қатысты.

Пікірталас ашық диалог форматында өтті. Сарапшылар мен тыңдаушылар өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған сұрақтар қойып, пікірлер айтып, бастамалар ұсынды. Өндірістік процестерді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр Қ. Шарлапаев цифрлық қайта құрулардың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, Министрліктің осы бағыттағы ағымдағы бастамаларын ұсынды.

Кездесудің тағы бір негізгі тақырыбы өнеркәсіп саласында ғылыми кадрлар даярлау болды. Еңбек өнімділігін арттыру арқылы білікті мамандарға тұрақты сұранысты қалыптастыру экономикалық өсудің маңызды факторы болатыны атап өтілді.

Іс-шараны қорытындылай келе, Қанат Шарлапаев қатысушыларға сындарлы диалог, айтылған идеялар мен ұсыныстар үшін алғысын білдірді.

Кері қайту