Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Р. А. Комратовқа «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді

2025 жылғы 5 ақпанда Ақтау қаласында «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағын беру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы қатысты, ол өңір басшысы Нұрдәулет Килыбайдың атынан лауреаттарды құттықтап, олардың облыстың дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес «Құрметті азамат» атағы азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін, олардың қабілеттері мен құнды бастамаларын жұртшылықтың мойындауын ынталандыру болып табылады. Ол азаматтардың еңбек және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға, олардың облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған күш-жігерін көтермелеуге, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге және халықтар арасындағы достықты нығайтуға арналған.

Осы жоғары атаққа ие болғандардың бірі – көрнекті әскери қайраткер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшылығының өкілі Ратмир Алимханұлы Комратов болды. Қызметте мол тәжірибесі бар ол еліміздің Әскери-теңіз күштерін құрудың негізінде тұрды, ҚР Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы және ҚР Қорғаныс Министрінің орынбасары лауазымдарын қоса алғанда, негізгі лауазымдарды атқарды. Оның кәсібилігінің, стратегиялық көзқарасы мен іске берілгендігінің арқасында Қазақстанның Әскери-теңіз күштері ұлттық қорғаныс қабілетінің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, өз позицияларын нығайтты. Оның мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі II дәрежелі «Даңқ» орденімен белгіленді.

Сонымен қатар, ол жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге елеулі үлес қосты, елдің болашақ қорғаушыларын даярлауда белсенді жұмыс жасады.

«Атақ иегерлерінің әрқайсысы-өңірдегі және елдегі танымал адамдар. Тіпті шетелде есімдері белгілі отандастар да бар. Сондықтан біз әркім құрметке лайық деп санаймыз. Бұл азаматтардың барлығы - біздің өңірдің өркендеуі мен дамуына елеулі үлес қосқан және қажырлы еңбегінің арқасында абырой биігіне жеткен алдыңғы буын өкілдері. Біз бұл адамдардың өмір салты мен қызметі келесі ұрпаққа үлгі болатынына толық сенеміз», - деп атап өтті Тілек Жеткізгенұлы.

Кері қайту