Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» өндірісіндегі жастар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің негізгі факторы ретінде жұмысшы мамандықтарды дамыту және қолдау жөніндегі жұмысты жандандырып жатыр.

Жұмысшы мамандықтарын дамыту-бұл елдің болашағына, оның технологиялық және экономикалық өркендеуіне стратегиялық инвестиция болып табылады. Компания біліктілікті бағалау мен танудың ашық және заманауи жүйесін қалыптастырады, соның арқасында әрбір маманның құзыреті өндірістерде тұрақты өсу мен инновацияларды енгізуді қамтамасыз ете отырып, лайықты қолданыс табады.

2025 жылы Компания күш жігерін келесі бағыттарға жұмсайтын болады:

  • Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби стандарттарды жетілдіру;
  • Мамандардың қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін біліктілікті бағалау және тану тетіктерін дамыту;
  • Білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту,тәжірибеге бағдарланған  қызметкерлерді оқытуды енгізу;
  • Жастарды әлеуметтік қолдау (жас отбасыларды қолдау, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесу);
  • Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.

Компанияның басымдықтарының бірі жас мамандарды тарту және қолдау болып қала береді. Компанияның зауыттарында 18-35 жас аралығындағы алты жүзден астам жас қызметкерлер жұмыс істейді, олар өндіріс процестеріне жаңа идеялар мен жігер әкеледі.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кадр құрамының біліктілігін арттыру және жастар арасындағы кәсіпорындардағы жұмыстың тартымдылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде шешімдерді белсенді енгізіп келеді. Зауыттар бос орындар жәрмеңкелеріне тұрақты түрде қатысады, студенттердің ары қарай жұмысқа орналасуын қарастыра отырып, өндірістік тағылымдамаларға қабылдайды, сондай-ақ тәлімгерлік тәжірибесін енгізеді, соның арқасында жас қызметкерлер жұмыс процесіне оңай және жылдам бейімделе алады.

«Семей инжиниринг» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ Жастар ісі бойынша кеңестер құрды.

«Біз еңбек адамы қоғамның басты құндылығы мен капиталы екеніне сенімдіміз. "Жұмысшы мамандықтар жылы" сияқты бастаманы енгізу ол мамандықтардың маңыздылығын мойындау мен өз кәсібилігі мен адалдығымен елімізді алға жетелейтіндерге құрмет көрсетудегі маңызды қадам болды», — деп атап өтті компания басшылығы.

Өз кезегінде, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасай отырып, Қазақстанның одан әрі өркендеуі үшін берік іргетас қалап, адами капиталды дамытуға инвестиция салуды жалғастырады.

Кері қайту