Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіби қызметі мен адалдығы көпшілікке үлгі болған қызметкерлерін мақтанышпен таныстырады. Олардың ескерлігі мен абыройлы еңбегі мемлекет тарапынан танылып, жоғары мәртебеге ие боғаны олардың еліміздің машина жасау саласын дамытуға қосқан айрықша үлесін көрсетеді.
«Құрмет» орденімен «ПЗТМ» АҚ қызметкері Татьяна Николаевна Пальгун марапатталды. 1979 жылдан бастап ол 43 жыл кран машинисі болып жұмыс істеп, өмірін зауытқа арнады. Жұмыстағы еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында ол үнемі кәсіби өсуге ұмтылып, 5-ші біліктілік дәрежесіне жетті. Оның жұмысы терең білімді, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, техникалық сызбалар мен нұсқаулықтарды оқи білуді, жабдықты басқарудағы дәлдік пен жауапкершілікті талап етеді. «Құрмет» орденімен марапаттау оның көрнекті кәсібилігі мен жанқиярлығын мойындау болып табылады.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Семей инжиниринг» АҚ аға аспазшысы Эльмира Құдайбергенқызы Ибраева марапатталды. 30 жылдан астам жұмыс барысында ол өзін тәжірибелі, жауапты және жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Эльмира Құдайбергенқызы тәртіптілігімен, кәсіби құзыреттілігімен және жігерлілігімен ерекшеленеді. Ол зауыттың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, үнемі құрмет грамоталарымен марапатталып, басшылық пен әріптестерінің мойындауына ие болады. «Ерен еңбегі үшін» медалі оның корпоративтік мәдениет пен өндірістік стандарттардың жоғары деңгейін қолдауға қосқан үлесін көрсетеді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өз қызметкерлерін және олардың жетістіктерін мақтан тұтады. Бұл марапаттар олардың кәсібилігі мен жұмысына деген адалдығының дәлелі болып табылады, әрі болашақ мамандардың жаңа буынын үлкен жетістіктерге шабыттандырады.