Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының Компанияның 22 жылдығымен құттықтауы

Бүгін, 2025 жылғы 13 наурызда біздің Компания 22 жылдығын атап өтеді. Бұл асулар мен белестерге толы жолдағы маңызды өткел. Осы жылдар ішінде Компания мен оның қызметкерлері өз тұрақтылығы пен жоғарыға ұмтылысын көрсете отырып, өзгерістерге сәтті бейімделіп келді.

Біраз шолу жасайтын болсақ, 2024 жылы Компания бірнеше бағыт бойынша жұмысын бастағанын атап өтуге болады. Жүргізілген қайта құрылымдау кадр ресурстарын оңтайландыруға және қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Осы орайда, қорғаныс өнеркәсібі ардагерлерінің тәжірибесі мен білімін жас мамандарға беруге ерекше назар аударылды.

Қарқынды өзгеріп жатқан геосаяси жағдайда Компания тобы инновациялық шешімдерді енгізіп, өндірістерді жергілікті қамтып, отандық кәсіпорындардың әлеуетін нығайта бастады. Технологиялардың дамуы мен ғылыми әлеуетінің арқасында Компания қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту бойынша мемлекеттің сенімді серіктесі болуын жалғастырады.

Компанияның келешектегі толағай табысы мен дамуы оның басшылары мен мамандарының барлық буындарының ұмтылысы мен күш-жігерінің, көп жылдық абыройлы еңбегі мен кәсібилігінің нәтижесі болатыны сөзсіз.

Мен қызметкерлерге ерен еңбегі, кәсібилігі және мақсаттарға жетуге атсалысқаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің құлшынысыңыз бен адалдығыңыз біздің ортақ ісіміздің негізі болып табылады.

Бұл күн сіздерді еліміздің өркендеуі жолындағы жаңа идеяларға, жаңалықтарға және еңбек жетістіктеріне шабыттандырсын!

Кері қайту