2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында 6-шы Халықаралық мамандандырылған көрме — Kazakhstan Machinery Fair 2025 өтеді.
Бұл іс-шара машина жасау саласы мамандарының кездесулері үшін маңызды алаң әрі Қазақстан мен Орталық Азия мамандары үшін маңызды оқиға болмақ.
Көрменің негізгі бағыттары машина жасау және технологиялар, өндірістік жабдықтар, логистика және көлік сияқты салалар. Биылғы жылы автоматтандыру және робототехника, сондай-ақ өндірісті басқару жүйелері сияқты салаларға ерекше назар аударылатын болады.
«Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары да өз өнімдерін ұсынады. Олардың ішінде:
- С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ»;
- «Тыныс» АҚ;
- «R&D center» ЖШС.
№ A2/Kazakhstan ENGINEERING стенді «Expo» ХХО-да Мәңгілік Ел 53/1 мекенжайы бойынша орналасады.
Көрме мемлекеттік сектордың, бейінді бизнес-қауымдастықтардың, сондай-ақ машина жасау және металл өңдеу саласындағы компаниялардың өкілдері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бизнесті дамытудың тиімді платформасы болып табылады.