2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында Астана қаласында өңдеуші өнеркәсіптің жабдықтары мен технологияларын жетекші өндірушілерді, жеткізушілерді және тұтынушыларды біріктіретін «ONDEU EXPO» V Халықаралық көрмесі өтеді.
Машина жасау саласындағы компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік сектор мен бейінді бизнес-қауымдастықтар өкілдері үшін көрме тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бизнесті дамытудың тиімді платформасы болып табылады.
Негізгі бөлімдерге келесі салалар кіретін болады:
- Автоматтандыру және қауіпсіздік;
- Кәсіпорын салу және оларды жаңғырту;
- Логистика және көлік;
- Қосымша қызметтер және инфрақұрылым;
- Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімдері.
«Қазақстан инжиниринг»ҰК» АҚ «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Тыныс» АҚ және «R&D орталығы» ЖШС сияқты еншілес тәуелді ұйымдарымен бірлесіп өз өнімдерін А2 стендінде ұсынады.
Компаниялар тобы барлық ниет білдірушілерді көрмені көріп, соңғы үрдістер туралы білуге, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, сондай-ақ кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге шақырады.
Өту мерзімі: 23-25 сәуір 2024 жыл;
Орналасқан жері: «EXPO» халықаралық көрме орталығы, А2 стенді, Мәңгілік Ел 53/1.