Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан-хорват бизнес-форумы туралы

2025 жылғы 23 сәуірде Астана қаласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және сауда және инвестициялар саласындағы өзара тиімді бағыттарды талқылауға бағытталған Қазақстан-Хорват бизнес-форумы өтті.

Форумды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радман басқарды. Іс-шара аясында екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктер ұсынылды, сондай-ақ іскерлік және мемлекеттік құрылымдардың негізгі өкілдерінің презентациялары өтті.

Сондай-ақ шетелдік компаниялардың қысқаша таныстырылым сессиясы өтті, онда олардың әрқайсысы қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық бойынша өз ұсыныстары мен мүмкіндіктерін ұсынды.

Форум аясында "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ қызметкерлері Хорватия өкілдерімен кездесулер мен іскерлік әңгімелер өткізіп, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады және одан әрі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты.

Кері қайту