Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - қауіпсіз, салауатты және лайықты еңбек жағдайларын насихаттауға бағытталған халықаралық бастама.
Еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Компания өндірістік стандарттарды сақтау, тәуекелдерді басқару және еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі шараларды дәйекті түрде енгізеді.
Тұрақты негізде ішкі аудиттер, инспекциялық тексерулер және еңбекті қорғаудың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізіледі. Осы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Холдинг еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін үйлестіреді, әдістемелік ұсынымдар әзірлейді, бақылау чек-парақтарын бекітеді және жыл сайын кәсіпорындарға барып есептілікті верификациялауды жүргізеді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыруға ерекше мән береді. Бұл үдерісте Холдинг кәсіпорындарында жұмыс істейтін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарға ерекше рөл беріледі. 2025 жылы еншілес ұйымдар арасында айтарлықтай тәжірибесі мен жоғары біліктілігі бар ЕҚжЕҚ бойынша жауапты қызметкерлердің жоғары белсенділігі мен кәсібилігі атап өтілді.
Олардың қатарында – «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ еңбекті қорғау қызметінің басшысы В. А. Буракова, ол еңбекті қорғау жөніндегі мамандар арасында, сондай-ақ Қазақстан машина жасаушылар кәсіподағының қызметі шеңберінде ұйымдастырылатын өңірлік және республикалық іс-шараларда жоғары нәтижелерді тұрақты көрсетеді.
Еңбекті қорғау саласындағы саясатты табысты іске асыратын басқа кәсіпорындардың ішінде «Семей инжиниринг» АҚ пен «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС-ны да атап өтуге болады. Олардың жүйелі жұмысы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және барлық деңгейдегі өндірістік тәуекелдердің алдын алуға ықпал етеді.