Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Ерліктің, халық рухының күш-қуатының символына айналған Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында еліміздің қорғаушыларын ерекше құрметтеп, Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бұл атаулы күн ұрпақтар ерлігін еске түсіреді, соның арқасында біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз.

Компания әскери қызметкерлерге, ардагерлерге, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, әскери және еңбек ерліктері арқылы Қазақстан Республикасының бейбітшілігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген әрбір адамға шексіз алғысын білдіреді.

Біз әскери-өнеркәсіптік кешен қызметкерлеріне – инженерлерге, конструкторларға, жұмысшылар мен мамандарға, сондай-ақ ұлттық қорғаныс қабілетін арттыру міндеттерін іс жүзінде жүзеге асырып жатқан Холдинг қызметкерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында – жаңа технологиялар дүниеге келген, өнеркәсіптік әлеует нығайтылатын және еліміздің сенімді болашағына негіз болатын маңызды майдан.

Сіздердің қайсарлығыңыз, батылдықтарынызбен Отанға қызмет етуге деген құлшынысыңыз еліміздің өскелең ұрпағы үшін әрқашан басты бағдар болып қала берсін.

Кері қайту