Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та мемлекеттік тілді дамыту ведомстволарының өкілдерімен кездесу өтті

2025 жылғы 15 мамырда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара барысында тіл ведомстволарының өкілдері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң жобасының ережелері мен 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыттарын талқылады.

Мемлекеттік тілді қолдануға байланысты құжат айналымынан бастап корпоративтік цифрлық платформаларға дейінгі процестерді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар жасанды интеллект ресурстарымен танысып, олардың көмегімен құжаттар мен хаттарды дайындаудың дұрыстығын тексеруге болатынына көз жеткізді.

«Қазақ тілін цифрлық инфрақұрылымға интеграциялау заманауи, қолжетімді және инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл әсіресе өндірістік және басқару процестеріне жаңа технологияларды белсенді енгізу жағдайында аса өзекті»,- деп атап өтті «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жобаларды басқару орталығының директоры Кенжебаева Сандуғаш Баймаханқызы.

Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекеттік тіл берік орын алуы тиіс кәсіби ортада тіл мәдениетін дамыту бойынша жүйелі және дәйекті жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

«Қазақстан инжиниринг» АҚ тұрақты дамуға және прогрессивті шешімдерді енгізуге бағдарланған Компания ретінде мемлекеттік тіл саясатын қолдауды өзінің стратегиялық миссиясының бір бөлігі ретінде қарастырады. Мұндай бастамаларға белсенді қатысу әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға және технологиялық тұрғыдан дамыған әрі сонымен қатар мәдени тұрғыдан байыпты орта құруға деген ұмтылысты көрсетеді.

Кері қайту