Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2025 жылғы 23 мамырда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та  Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оның барысында Компания қызметінің негізгі мәселелері талқыланды.

Отырыс шеңберінде қатысушылар  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың шаруашылық-қаржылық қызметін, 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есебі мен мониторингін талқылады, сондай-ақ 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына қатысты мәселелерді қарастырды.

Сондай-ақ, қоғамдық бақылау шеңберінде активтерді басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді деген ойда Компания активтерін іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша іске асырылған зауыттарға олардың қызметімен және жай-күйімен неғұрлым егжей-тегжейлі танысу үшін сол зауыттарды аралауды ұйымдастыру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.

Қоғамдық кеңес «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметін бақылауды жалғастырады және барлық мүдделі тараптардың мүддесі үшін Компанияның дамуына жәрдемдесетін болады.

Кері қайту