Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесі «811 автожөндеу зауыты ҚИ» АҚ-да болды

2025 жылғы 12 маусымда азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды және ашықтықты нығайту жөніндегі жұмыс шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның Қоғамдық кеңес төрағасы Аманжол Зейноллаұлы Оразбаев бастаған мүшелері Ерейментау қаласындағы «811 автожөндеу зауытына КИ» АҚ-на барды.

Делегация жекешелендіру процесі аяқталғаннан кейін кәсіпорынның ағымдағы жағдайымен танысты. Басшылық және қызметкерлермен кездесу барысында зауытта болған өзгерістер, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, сондай-ақ зауытты одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.

Кәсіпорынның бас директоры Дуанбай Әубәкірұлы Сабанбаев атап өткендей, кәсіпорындағы өндірістік процесс жоспарлы режимде дамып келеді. Зауыт өзінің бейіндік мамандануын және қызметтің негізгі бағыттарын сақтап қалды, ал кәсіпорын қызметкерлері қатысудың жоғары деңгейін көрсетті және ұжымдағы еңбек жағдайлары мен ішкі ахуалды оң бағалады.

Қоғамдық кеңес мүшелері зауыттағы ағымдағы ахуал туралы оң пікір білдірді және кәсіпорынға, оның ішінде мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл мәселелерінде, сондай-ақ өсудің жаңа деңгейін іздеуде жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді. Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және еңбек ұжымының кәсіби және әлеуметтік өсуіне жағдай жасауға көмектесетін Қоғамдық кеңес пен зауыт арасындағы серіктестіктің ықтимал нысандарын талқылауға ерекше назар аударылды.

Сапар ұлттық компаниялар мен холдингтердің жұмысы шеңберінде қоғамдық бақылау мен ашық диалогтың рөлін күшейту жөніндегі кеңірек бастаманың бір бөлігі болды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өз қызметінің негізгі мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен және мүдделі тараптармен белсенді өзара іс-қимыл тәжірибесін жалғастырады.

Кері қайту