Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері «Engineering Hackaton» іс-шарасына қатысты

2023 жылғы 8-9 сәуірде АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Alan Tech» ЖШС және «American Corner & Makerspace Astana» бірлесіп Назарбаев университетінің аумағында «Engineering Hackathon» іс-шарасы өтті.

Ашылу салтанатында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кеңесшісі, контр-адмирал Ратмир Әлімханұлы Комратов сөз сөйлеп, Қазақстанның болашақ STEM-көшбасшыларын қолдады.

Хакатонға «Машина жасау», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу» және «Тау-кен өнеркәсібі» бағыттары бойынша 100-ден астам студент қатысты. Жеңімпаздарға беделді компанияларда жазғы тағылымдамадан өтуге сертификат берілді.

Компаниялар студенттерге конкурсқа қатысушылар топтары бәсекелесетін және оларды шешудің сәтті жолдарын ұсынатын тапсырма жағдайларын ұсынды. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы тапсырма жағдайын ұсынып, ол бойынша «Nobody Team» командасы оны шешудің идеялары мен жолдарын ұсынды.

Компания осы типтегі іс-шараларды қолдайды, өйткені олар өз білімін холдинг құрылымында қолдануға және Қазақстан Республикасының игілігі үшін жұмыс істеуге дайын белсенді, сауатты және патриоттық жас мамандарды тартуға мүдделі.

Кері қайту