Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Комплаенс-офицеріне біліктілік талаптар

Жалпы ақпарат

Компания атауы: «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ

Лауазымның атауы: Комплаенс-офицер

Бағынады: «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ директорлар кеңесіне Білім, практикалық тәжірибе және функционалдық міндеттер

Білім, практикалық тәжірибе және функционалдық міндеттер

Білім

  • жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және бизнес (экономика, менеджмент, Есеп және аудит) қаржы, құқық (құқықтану);
  • Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы заңнамасын білу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласында сертификаттың болуы.

Практикалық тәжірибе

  • жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • функционалдық бағыттарға сәйкес келетін немесе құқықтану саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі тәжірибе мен дағдылар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы есептілікті қалыптастыру;

Функционалдық міндеттер

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптарға және үздік халықаралық практикаға тұрақты талдау және мониторинг жүргізу, реттеушілік талаптар өзгерген жағдайда Қоғам үшін салдарларды айқындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғамның шарттық талаптары мен ішкі рәсімдерін сақтау тұрғысынан кеңес беру және ұсынымдар беру;
  • Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты ішкі талдау жүргізу;
  • Қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясаттарды, регламенттер мен рәсімдерді әзірлеу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша оқыту жүргізу (іс-шаралар жоспарына сәйкес);
  • алынған шағым, ақпарат немесе мониторинг нәтижелері негізінде тексеру жөніндегі топтың (комиссияның) жұмысын (Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен) ұйымдастыру; қажет болған жағдайда тапсырманы орындау үшін жауапты адамды тағайындау; жанжалды реттеу үшін шаралар қабылдау және толық аяқталғанға дейін тексеру процесін үйлестіру;
  • Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау;
  • мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша рәсімдердің сақталуын әзірлеу мен мониторингтеуді жүзеге асыру;
  • Қоғам үшін үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру рәсімін құруды, тестілеуді және қоғамға енгізуді қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, үшінші тұлғаларға тексеру жүргізу үшін дерекқорларды пайдалану мәселелері бойынша реттеуші органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Компания үшін үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру рәсімін құруды, тестілеуді және қоғамда енгізуді қамтамасыз ету;
  • Қоғамның лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпарат беру арнасы (жедел желі) арқылы келіп түскен өтініштерді қабылдау және өңдеу;
  • Мемлекеттік органдардың сұраныстары бойынша Қоғамның ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерін ұсыну.

Электрондық (түрлі-түсті сканерде) және қағаз жеткізгіштерде ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • жоғары білім туралы диплом;
  • жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер (қоса берілген нысанға сәйкес түйіндеме);
  • сотталмағандығы туралы анықтама;
  • жеке куәлік;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

Жалақы - 250 000 теңгеден бастап

Түйіндемені электрондық пошта арқылы жіберіңіз: ok@pztm.kz

Кері қайту