Экономикалық компонент
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ қазіргі заманғы талаптар мақсатында (заңға қарсы іс-қимылдардың қылмыстық элементтерін жасаудың жаңа үлгілері мен әдістеріне байланысты) Компаниялар тобында экономикалық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін мынадай негізгі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар өткізеді:
- қылмыстық элементтер, жосықсыз бәсекелестер мен жеке тұлғалар тарапынан кәсіпорынның өмірлік маңызды мүдделеріне сыртқы және ішкі қатерлерді, сондай-ақ экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды, басқарушылық қабілетсіздікті, әлеуметтік шиеленісті уақтылы анықтау;
- Компания топтарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша стратегиялар мен шешімдерді жоспарлау және әзірлеу;
- қаржылық қауіпсіздік көрсеткіштерінің сапалық және сандық мәндерін, ақпараттық кеңістіктегі ықтимал тәуекелдер мен қауіптерді анықтау;
- коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа оның иесінің келісімінсіз кез келген адамның қол жеткізуін болдырмау;
- ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде техникалық арналар арқылы ақпараттың уақтылы анықталуын және шығуын болдырмау;
- кәсіпорындар ішінде тәртіпті және тиісті жабықтық режимін сақтау;
- кәсіпорындардың экономикалық қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу және кәсіпорындағы экономикалық қауіпсіздіктің жай-күйін сипаттайтын деректерді болжау;
- экономикалық дағдарыс кезеңінде туындайтын жаңа қауіптердің тізбесін айқындау, әлеуетті құқық бұзушылардың жаңа үлгілерін қалыптастыру;
- кәсіпорындардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әкімшілік, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық және басқа да шараларды жедел жетілдіру.
Құқық бұзушылықтардың, қауіпсіздікке, тіршілікті қамтамасыз ету қатерлерінің, сондай-ақ Компания топтарының іскерлік беделінің кез келген нысандарын белгілеу кезінде кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті жауапкершілікке тарта отырып, Құқық қорғау органдарымен заңға қарсы іс-қимылдардың алдын алу, жолын кесу және анықтау жөнінде бірлескен жұмыс жүргізіледі.