Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы лауазымына білікті маманды іздеу және іріктеу мақсатында сыртқы конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні.

Лауазымның атауы: «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы

Құрылымдық бөлімше: Қауіпсіздік қызметі

Қызметтік іссапарларға шығу қажеттілігі: Қажеттілікке қарай

Лауазымға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік немесе техникалық білім, ақпараттық қауіпісіздік немесе IT саласы бойынша

Негізгі функционалдық міндеттері:

1. Компаниядағы ақпараттық, физикалық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ДЗО арасында үйлестіру жұмыстары;

2. Қызмет бағыты бойынша саясаттар мен процедураларды әзірлеу және енгізу, ДЗО арасында үйлестіру жұмыстары;

3. Ақпараттық жүйелер мен деректерді рұқсатсыз қолжетімділіктен, ағып кетуден және басқа қауіптерден қорғау шараларын жүзеге асыру, ДЗО арасында үйлестіру жұмыстары;

4. Компаниядағы ақпараттық жүйелерді бақылау және аудит жүргізу;

5. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тергеу, қажет болған жағдайда ЕТҰ арасында қатысу;

6. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жобаларды әзірлеу және іске асыруға қатысу;;

7. Қызмет бағыттары бойынша ДЗО арасында мониторинг, аналитикалық және алдын алу жұмыстарын жүргізу;

8. Қызмет шеңберінде ішкі (қызметтік) тергеулерге қатысу;

9. Қызмет бойынша құжаттама жүргізу, ДЗО үшін үйлестіру материалдары мен ұсыныстар әзірлеу;

10. Қызмет бағыты бойынша компания қызметкерлерін оқыту және нұсқаулық жүргізу;

11. Аналитикалық жұмыс негізінде кемшіліктер мен бұзушылықтарды азайтуға, себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған шаралар қабылдау;

12. Қауіптер мен теріс тенденциялар бойынша жедел әрекет ету механизмдері мен жағдайларын жасау;

13. Бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, қызмет бағыттары бойынша кемшіліктермен жұмыс жүргізу, қажет болған жағдайда кешенді ұйымдастырушылық шараларды әзірлеу;

14. Құқық қорғау, арнайы және басқа мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен өз құзыреті шеңберінде өзара іс-қимыл;

15. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен компанияның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау.

Біліктілік талаптары:

  • жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалар бойынша мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде кемінде 2 (екі) жыл басшылық лауазымдарда;немесе
  • жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалар бойынша мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде кемінде 1 (бір) жыл басшылық лауазымдарда және/немесе 2 (екі) жыл Компанияда/Компаниялар тобында немесе ұлттық холдингтерде, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық компанияларда жұмыс өтілінің болуы;
  • лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімдер мен құзыреттерді білу.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білу: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңы және лауазым мамандығына және Компанияның қызмет саласына сәйкес қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
  • мемлекеттік тілді еркін меңгеру;
  • дербес компьютерді сенімді пайдалану, «eGov», «e-Otinish» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
  • аналитикалық ойлау, деректердің үлкен көлемін талдай білу, шешімдерді дербес қабылдау қабілеті, іскерлік хат алмасу дағдылары;
  • коммуникативтік дағдылар, келіссөздер жүргізу қабілеті, командада жұмыс істей білу, тиімді ішкі өзара іс-қимыл.

Жұмыс шарты:

Жұмысқа қабылдау нысаны: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне    сәйкес еңбек шарты

Жұмыс кестесі: аптасына 5 күндік жұмыс, жұмыс уақыты сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін

Еңбек демалысы: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы

Әлеуметтік пакет: Медициналық сақтандыру

Байланыс телефоны: 8 (7172) 72-52-52 (ішкі 1124, 1135)

Түйіндемені ok@ke.kz электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.

Кері қайту