Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
менеджер Инновациялық даму және инвестициялар департаменті

Лауазымның мақсаты:

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Компания) инновациялық қызметін іске асыруды қамтамасыз ету және Компания мен оның еншілес және тәуелді ұйымдардың (бұдан әрі – ЕТҰ) қызметінің ғылыми-техникалық саясатқа, ҒЗТКЖ-ға және регламенттеуші құжаттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізу.

         

Тікелей бағыныштылар:

Жоқ

-                 

Функционалдық міндеттері:

Компания мен ЕТҰ инновациялық процестерінің тиімділігіне талдауды жүзеге асырады;

Компания мен ЕТҰ-дағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстар шеңберінде ішкі нормативтік құжаттарды (әдіснамалар, әдістемелер, регламенттер, ережелер, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға бастамашылық жасау және оларды жүргізу жөніндегі құралдар) әзірлейді;

Компания мен ЕТҰ-да құрылатын ғылыми журналдарда ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалаларды жариялауды сүйемелдеу қызметін жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының НҚА және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес инновациялық қызметті дамыту саласында өзге де қызметті жүзеге асырады;

Департамент құзыреті шеңберінде сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

Департаментте ішкі бақылау жүйесі талаптарының сақталуын және ішкі бақылау рәсімдерін тиісінше құжаттауды қамтамасыз етеді;

Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тәуекелдерге ден қою жөніндегі бекітілген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, тәуекел-коммуникацияның даму процесіне ықпал етеді, тәуекелдерді басқару бөлімшесіне/қызметкеріне іске асырылған тәуекелдер жөніндегі ақпаратты қоса алғанда, тәуекелдер бойынша ақпарат береді;

Сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманы дайындау шеңберінде техникалық ерекшелікті (тапсырмаларды) әзірлейді, оның бастамашысы Департамент болып табылады;

Департамент құзыреті шегінде компания және ЕТҰ органдарының қарауына енгізілетін ішкі құжаттарды, сондай-ақ құжаттар жобаларын дайындайды және/немесе келіседі;

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда компанияның мүдделерін білдіреді;

Құзыреті шегінде НҚА жобаларын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ қажет болған жағдайда компанияның және (немесе) компанияның ЕТҰ мүдделерін қозғайтын НҚА жобалары бойынша жұмыс топтарының қызметіне қатысады;

Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне және компанияның ЕТҰ тиісті бөлімшелеріне консультациялық-әдіснамалық және практикалық көмек көрсетеді;

Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен келіп түскен өзге де тапсырмаларды орындайды, сондай-ақ іс жүргізу талаптарына сәйкес Департаменттің қызметіне байланысты жекелеген шарттарды, келісімдерді, меморандумдарды тіркеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.

Білімге қойылатын талаптар:

Басқару, экономика/ қаржы/ математика саласында жоғары кәсіби білім

 

мүмкіндігінше MBA немесе басқару (менеджмент), экономика саласында қосымша білімінің болуы/лауазымның мамандануына сәйкес келетін халықаралық сертификаттау             

                             

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

Машина жасау саласының ірі ұйымдарында және/немесе экономиканың нақты секторының өзге де ірі ұйымдарында инвестициялық немесе консалтингтік компанияларда стратегиялық басқару және жобаларды басқару, ғылыми-техникалық қызмет саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі (аудит емес)

                   

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:                 

Ұлттық және инновациялық даму басымдықтары, елдің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары, экономиканы жаңғырту лауазымының мамандануына сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу;

Стратегиялық басқару, жобалық басқару және инновацияларды басқару процесін білу;

Стратегиялық және талдамалық ойлаудың дамыған дағдылары, компания тұрғысынан да, жалпы ел тұрғысынан да ойлау қабілеті, Халықаралық, экономикалық, өнеркәсіптік және инновациялық үрдістерді түсіну, компанияның даму стратегиясын мүдделі тараптардың міндеттерімен үйлестіру қабілеті;

Талдау, модельдеу, жоспарлау, бизнес-аналитика, жобаларды басқару жүйесінің қолданбалы бағдарламаларының тәжірибелі қолданушысы;

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары;

MS Office бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы;

Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу.

Түйіндемені электрондық пошта арқылы жіберіңіз ok@ke.kz

Сіздің кандидатураңызды қарастыру үшін белгіленген нысанда түйіндемені толтыруыңыз керек, оны осы жерден  жүктеп алуға болады.

  



 

Кері қайту