Функционалдық міндеттер:
- Ішкі құжаттарға сәйкес Қоғам қызметкерлерін аттестаттациялауды ұйымдастыру (аттестатталатын қызметкерлердің тізімін, аттестаттау комиссиясының құрамын дайындау, аттестаттауды өткізу туралы бұйрықты ресімдеу)
- Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес персоналды оқытуды жоспарлау әрі қамтамасыз ету;
- Компанияда тәлімгерлік жүйесін енгізу, Компанияның кадрлық резервін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- әкімшілік-басқару қызметкерлерін аттестаттациясын ұйымдастыру;
- жұмыс беруші тарапынан келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеуге қатысу;
- Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен лауазымдық нұсқаулықтары туралы ережелерді әзірлеуді және жаңартып отыруды қамтамасыз етеді;
- персонал шығындарының бюджетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау (еңбекке ақы төлеу қоры, ынталандыру және өтемақы төлемдері, іссапар шығыстары, оқуға арналған шығыстар, персоналды бағалауды, аттестациялауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты шығыстар);
- Компанияның кадрлық іс қағаздарын жүргізу, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Қызметкерлердің ерікті медициналық сақтандыруын ұйымдастыру
- Қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындау
- Конкурстық / тәртіптік комиссияға және персоналды басқару жөніндегі басқа да комиссияларға қатысу
- Кадрлардың ауысу себебін анықтау үшін кадрлар қозғалысын зерделеу, оны төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу
- Персонал бойынша есептілік дайындау
- Компания қызметкерлерімен еңбек шарттарын дайындау, есепке алу және сақтау;
- Компанияның кадрлық құжаттамасын жүргізу, есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету (қабылдау, жұмыстан шығару, ауыстыру, ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, міндеттерді бөлу туралы бұйрықтар, жеке істер, басқалар;
- демалыс кестесінің, іссапар жоспарларының және Компания қызметкерлерін күнтізбелік жылға оқытудың орындалуын қалыптастыру, өзектендіру, мониторингілеу;
- компания саясатын және ЕТҰ-ға қатысты персоналды басқару саласындағы үлгілік құжаттарды әзірлеуді және өзектендіруді қамтамасыз етеді;
- компания қызметкерлерінің дербес деректерін пайдалануды және сақтауды қамтамасыз етеді
- мемлекеттік органдарға ақпаратты, есептерді дайындау және ұсыну;
- персоналды басқару мәселелері бойынша компанияның консультативтік-кеңес органдарының (комиссиялардың, жұмыс топтарының және т. б.) жұмысын ұйымдастыру;
- компанияның ЕТҰ-да персоналды басқару рәсімдерін енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсету, үйлестіру;
- ЕТҰ-ны ақпараттандыру, мәселелерді түсіндіру және персоналды басқару саласында бірлескен практикалық шешімдер әзірлеу;
- Мониторинг, компанияның Даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау
- Кадрлық құжаттаманы дайындау және мұрағатқа өткізу
Талаптар:
- жоғары кәсіби білім (заңгерлік / экономикалық / техникалық / гуманитарлық немесе психология саласындағы), мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
- Кадрлық әкімшілендіру және адам ресурстарын дамыту саласындағы білім болуы;
- компьютермен (Word, Excel, ЭҚЖ, 1С ЗУП, Documentolog бағдарламалары) жұмыс істеу дағдыларының болуы, "Заң", "Параграф" ақпараттық дерекқорымен, Enbek.kz. порталдағы жеке кабинетпен жұмыс істей білуі