Жұмыс түрі: бос лауазымға үміткерлерді іздеу және таңдау
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2024ж.03.10.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2024ж.13.10.
Жауапты: қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы С.Е. Кусанова
Байланыс e-mail: ok@pztm.kz
Телефон: 8/7152/63-03-10
Бос жұмыс орнының атауы: Ішкі аудитор
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
1. Экономика және қаржы саласындағы жоғары кәсіптік білім; және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит; және/немесе ақпараттық технологиялар; және/немесе техникалық сала; және/немесе заң саласы.
2. Аудит саласындағы; және/немесе бухгалтерлік есеп; және/немесе қаржы; және/немесе ақпараттық технологиялар; және/немесе техникалық салада; және/немесе заң саласында жұмыс тәжірибесі – кемінде 3 (үш) жыл.
3. Этика кодексін және Стандарттарды білу және түсіну және оларды қолдану.
4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша білу.
5. Мемлекеттік және шет тілді (тілдерді) білу.
Шарттар:
Кандидат үшін құжаттар тізбесі:
1. Нысан бойынша толтырылған және қол қойылған түйіндеме (түйіндеме нысаны қоса беріледі);
2. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжат;
5. Аудит; және/немесе қаржылық менеджментті есепке алу; және/немесе IT-технологиялар саласындағы сертификаттар және/немесе біліктіліктер.
Конкурсқа жіберілген кандидаттардың тізімі Қоғамның Директорлар кеңесіне кандидаттарды ұсыну туралы комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қоғамның сайтында орналастырылады.