Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің кеңесшісі

Біліктілік талаптары:

Компанияның уәкілетті органы бекіткен ішкі құжатқа сәйкес.

Қосымша:

1) қызмет бағыты бойынша жоғары кәсіптік білім;

2) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) іскерлік хат алмасу деңгейінде қазақ тілін меңгеру;

5) заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары.

1. Лауазымның атауы: кеңесші.

2. Құрылымдық бөлімше: тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі.

3. Міндеттері (функциялары): "тәуекелдерді басқару" қызметінің бағыты бойынша жұмысты (функционалдық міндеттерді) орындау, сондай-ақ Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

4. Қызметтік іссапарларға шығу қажеттілігі: жоқ.

5. Ішкі құрылымдық бөлімшелермен, мемлекеттік органдармен, бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл: компанияның және ЕТҰ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен өзара іс-қимыл жасау.

6. Функционалды бағыныштылар: жоқ.

7. Бағыныштыларға басшылық: жоқ.

8. Тікелей басшы лауазымы: Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің Басшысы.

Жұмыс шарттары:

Жалдау нысаны: ҚР ЕК сәйкес еңбек шарты

Жұмыс кестесі: 5 күндік жұмыс аптасы, 9-00 -ден 18-30 -ға дейін.

Іссапарлар: мүмкін

Демалыс: ҚР ЕК сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Байланыс телефоны: 8 (7172) 72-52-52 (ішкі. 1605) 

Түйіндемені электрондық поштаға жіберу ok@ke.kz

Сіздің кандидатураңызды қарау үшін сізге түйіндемені белгіленген нысанда толтыру қажет, оны мына жерден жүктей аласыз «‎ССЫЛКА» 

Кері қайту