Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Өндірісті дамыту департаменті инвестициялық жобаларды іске асыру Басқармасының консультанты

1. Лауазым атауы: консультант.

2. Құрылымдық бөлімше: инвестициялық жобаларды іске асыру Басқармасы.

3. Міндеттері (функциялары): компанияның және ЕТҰ-ның іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары бойынша есептілік нысандарын және талаптарды әзірлеу; компанияның және ЕТҰ-ның іске асырылып жатқан инвестициялық (стратегиялық) жобалары бойынша мониторингтік есепті тұрақты (кезеңдік) түрде дайындау; қажет болған жағдайда құзыреті шеңберінде оларды іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу; компанияның және ЕТҰ-ның іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларын талдау және жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды бағалау; компания деңгейінде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша деректер базасын құру және қолдау; дивидендтер есебінен қаржыландырылатын жобаларды мониторингтеу; компанияның қолданыстағы жобаларын басқару бойынша әдістемелер әзірлеу және енгізу; компанияның ішкі құжаттарына сәйкес қолданыстағы жобаларды таңдау, бағалау және тексеру жүргізу; қолданыстағы жобаларды басқару барысы және олардың ағымдағы мәртебесі туралы компания басшылығы үшін талдамалық және басқа да есептілікті дайындау; сондай-ақ басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

4. Қызметтік іссапарларға шығу қажеттілігі: бар.

5. Ішкі құрылымдық бөлімшелермен, мемлекеттік органдармен, бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл: компанияның және ЕТҰ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерімен, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, ҚР Қаржы министрлігімен, ҚР Қорғаныс министрлігімен және т.б. ҚР мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау.

6. Функционалды бағыныштылар: жоқ.

7. Бағыныштыларға басшылық: жоқ.

8. Өтемақы пакеті: жалақы мөлшері Компанияның штат кестесіне сәйкес белгіленеді, сыйлықақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

9. Тікелей басшы лауазымы: инвестициялық жобаларды іске асыру Басқармасының Басшысы.

Жұмыс шарттары:

Жалдау нысаны: ҚР ЕК сәйкес еңбек шарты

Жұмыс кестесі: 5 күндік жұмыс аптасы, 9-00 -ден 18-30 -ға дейін.

Іссапарлар: мүмкін

Демалыс: ҚР ЕК сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Байланыс телефоны: 8 (7172) 72-52-52 (ішкі. 1605)

Түйіндемені электрондық поштаға жіберу ok@ke.kz 

Сіздің кандидатураңызды қарау үшін сізге түйіндемені белгіленген нысанда толтыру қажет, оны мына жерден жүктей аласыз ссылка

Кері қайту