«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниясы Бухгалтерлік есеп және қаржы департаментінің Бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы лауазымына білікті маманды іздеу және іріктеу мақсатында сыртқы конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні.
Лауазымның атауы: Бухгалтерлік есеп және қаржы департаменті Бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы
Құрылымдық бөлімше: Бухгалтерлік есеп және қаржы департаментінің Бухгалтерлік есеп басқармасы
Қызметтік іссапарларға шығу қажеттілігі: Қажеттілікке қарай
Лауазымға қойылатын талаптар:
1) жоғары қаржы-экономикалық білім (бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша жөн);
2) Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері сертификатының және DipIFR (Халықаралық қаржылық есептілік жөніндегі диплом) сертификатының міндетті түрде болуы;
3) CMA/ACCA/CIMA/CIA/CFA немесе өзге де халықаралық кәсіби сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.
Негізгі функционалдық міндеттері:
1) Компанияның ішкі операциялары бойынша бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
2) Бухгалтерлік ақпараттың құпиялылығын және бухгалтерлік құжаттардың, оның ішінде шарттар бойынша бастапқы бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау;
3) Компанияның тауарлық- материалдық құндылықтарына берілетін сенімхаттардың тіркелуін бақылау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ХҚЕС (МСФО) стандарттарындағы өзгерістерге мониторинг жүргізу және оларды Компанияның корпоративтік есеп саясатына, есеп жүргізу рәсімдеріне және қаржылық есептілікке енгізуді қамтамасыз ету;
5) Тәуелсіз аудиторды таңдау және бекіту рәсімін ұйымдастыру, жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілік аудиті бойынша сыртқы аудиторлармен өзара іс-қимыл жасау;
6) Компанияның жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйым ұсынған ұсынымдарды әзірлеу, бекіту және олардың орындалуын бақылау;
7) Компанияның активтерді сатып алу және өткізу мәмілелерін көрсету және есепке алу мәселелері бойынша, сондай-ақ бухгалтерлік және салықтық есепті ұйымдастыру шеңберіндегі өзге де мәселелер бойынша қажеттілік болған жағдайда қорытындыларды дайындауды жүзеге асыру;
8) Компания бюджетінің әкімшілендірілетін баптарына сәйкес аудит, консалтинг және өзге де әкімшілік шығыстарды жоспарлауды жүзеге асыру;
9) Салықтық тексерулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тексерулерді сүйемелдеуге қатысады және олардың жүргізілуін бақылайды, Департамент құзыреті шегінде Компанияның бухгалтерлік және салықтық есебіне ішкі және сыртқы аудит жүргізуді бастамалайды;
10) Компанияның жеке қаржылық есептілігін, салықтық есептілігін (қаржылық кірістер/шығыстар бойынша салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша), сондай-ақ статистикалық есептілігін дайындауды жүзеге асырады, оларды бекіту рәсімдерін қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен Компанияның уәкілетті органдарына, уәкілетті мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға ұсынуды қамтамасыз ету;
11) Корпоративтік (салықтық) есеп саясатын және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі Корпоративтік регламентті әзірлейді, бекітеді және өзектілігін қамтамасыз етеді, олардың енгізілуін бақылауды жүзеге асыру;
12) қаржылық тәртіптің сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және өзге де шығындарды есептен шығарудың заңдылығын қамтамасыз ету;
13) салықтардың және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдердің уақтылы есептелуін және аударылуын жүзеге асыру;
14) жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуларды, сондай-ақ персоналмен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
15) Компания арқылы өтетін шарттар бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, сондай-ақ қабылдау-тапсыру құжаттарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыру;
16) жалпы әкімшілік шығыстардың есебін, негізгі құралдардың, қорлардың және ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу жүзеге асыру;
17) шарттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша банк кепілдіктерін бақылауды жүзеге асыру;
18) жыл сайынғы түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу;
19) Компанияда бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу процестерін автоматтандыру және оңтайландыру жүйесін енгізуді жүзеге асыру; Компанияның ішкі операцияларын, оның ішінде сатып алушылармен және жеткізушілермен есеп айырысуларды бухгалтерлік есепте көрсету;
20) Компанияның бухгалтерлік есебінде ішкі операцияларды, оның ішінде алынған және берілген қарыздар бойынша есеп айырысуларды, қаржылық кірістер мен шығыстарды көрсетуді жүзеге асыру;
21) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу және өткізу кезінде, сондай-ақ қаржылық кірістер мен шығыстарды алу бойынша салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеуді жүзеге асыру;
22) бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің уақтылы есептелуін және аударылуын қамтамасыз ету;
23) жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуларды жүзеге асыру;
24) жалпы әкімшілік шығыстардың есебін, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу;
25) тауарларды импорттау және экспорттау кезінде салықтық және статистикалық есептілікті, қосылған құн салығы бойынша есептілікті дайындау;
26) Компанияның активтерді сатып алу және өткізу мәмілелерін көрсету және есепке алу мәселелері бойынша, сондай-ақ бухгалтерлік және салықтық есеп шеңберіндегі өзге де мәселелер бойынша қорытындыларды дайындау;
27) Компанияда бухгалтерлік және салықтық есеп процестерін автоматтандыру және оңтайландыру жүйесін енгізу процесіне қатысу;
28) Компанияның бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу мәселелері бойынша Компания басшылығына ұсыныстар енгізу;
29) Компанияның жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымның ұсынымдарының орындалуын қамтамасыз ету;
30) Компанияның активтерді сатып алу және өткізу мәмілелерін көрсету және есепке алу, сондай-ақ бухгалтерлік және салықтық есепке қатысты өзге де мәселелер бойынша қорытындыларды дайындау;
31) Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес, Басқарманың қызметі шеңберінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қаржылық есептілікті шоғырландыру процестерін автоматтандыру және оңтайландыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
32) бухгалтерлік және салықтық есеп мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен және еншілес және тәуелді ұйымдармен (ЕТҰ) өзара іс-қимыл жасау.
Біліктілік талаптары:
- жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалар бойынша мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде кемінде 2 (екі) жыл басшылық лауазымдарда;немесе
- жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалар бойынша мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 4 (төрт) жыл, оның ішінде кемінде 1 (бір) жыл басшылық лауазымдарда және/немесе 3 (үш) жыл Компанияда/Компаниялар тобында немесе ұлттық холдингтерде, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық компанияларда жұмыс өтілінің болуы;
- лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімдер мен құзыреттерді білу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Қазақстан Республикасының заңнамасын білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Кодексі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС);
- мемлекеттік тілді еркін меңгеру;
- дербес компьютерді сенімді пайдалану, «eGov», «е-Otinish» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу;
- аналитикалық ойлау, деректердің үлкен көлемін талдау қабілеті, өз бетінше шешім қабылдай білу, іскерлік хат алмасу;
- коммуникациялық дағдылар, келіссөздер жүргізу дағдылары, командада жұмыс істей білу, тиімді ішкі өзара іс-қимыл жасау қабілеті.
Жұмыс шарты:
Жұмысқа қабылдау нысаны: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты
Жұмыс кестесі: аптасына 5 күндік жұмыс, жұмыс уақыты сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін
Іссапарлар:Мүмкін
Еңбек демалысы: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
Әлеуметтік пакет: Медициналық сақтандыру
Байланыс телефоны: 8 (7172) 72-52-52 (ішкі 1124)
Түйіндемені ok@ke.kz электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.