«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету қызметінің бастығы лауазымына білікті маманды іздеу және іріктеу мақсатында сыртқы конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні.
Лауазымның атауы: «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету қызметінің бастығы
Құрылымдық бөлімше: Құқықтық қамтамасыз ету қызметінің бастығы
Қызметтік іссапарларға шығу қажеттілігі: Қажеттілікке қарай
Лауазымға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім
Негізгі функционалдық міндеттері:
1. Қызмет құзыреті шегінде жұмыс көлемін бөлу және жауапкершілікті бекіту;
2. Компания тарап болып табылатын шарттарға құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету, жасалған шарттардың талаптарының сақталуын бақылауды жақсарту жөнінде Компания басшылығына ұсыныстар енгізу;
3. Компания органдарының (Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, Басқарманың) шешімдерінің жобаларына, ішкі құжаттардың, бұйрықтар мен өкімдердің, сондай-ақ келісу үшін Қызметке ұсынылатын Компанияның өзге де құжаттарына құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
4. Басқарма Төрағасының, Басқарма Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмасы бойынша немесе құрылымдық бөлімшелердің сұраулары негізінде құқықтық қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету;
5. Компания мен оның еншілес ұйымдарының келісімшарттық стратегиясын қалыптастыру барысында келіссөздерге қатысу;
6. Компанияның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен еншілес және тәуелді ұйымдардың органдарының (акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналыстарының, директорлар кеңестерінің (қадағалау кеңестерінің)) қарауына шығарылатын материалдарға құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
7. Компанияның талап-арыздық жұмысын үйлестіру, соттық талап-арыз жұмыстарын жүргізу;
8. Мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде құқықтық мәселелер бойынша Компанияның мүдделерін білдіру;
9. Басқарма Төрағасының, жетекшілік ететін Басқарма Төрағасының орынбасарының немесе Компания Басқармасының шешімі не тапсырмасы бойынша кеңестерге, жұмыс топтарына және өзге де іс-шараларға қатысу;
10. Қызметтің қызметі бойынша ақпараттық анықтамалар, жиынтық-талдамалық есептер және өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалар бойынша мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде кемінде 2 (екі) жыл басшылық лауазымдарда;немесе
- жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалар бойынша мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 4 (төрт) жыл, оның ішінде кемінде 1 (бір) жыл басшылық лауазымдарда және/немесе 2 (екі) жыл Компанияда/Компаниялар тобында немесе ұлттық холдингтерде, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық компанияларда жұмыс өтілінің болуы;
- лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімдер мен құзыреттерді білу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын білу: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңы, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы заңнама;
- мемлекеттік тілді еркін меңгеру;
- дербес компьютерді сенімді пайдалану, «eGov», «e-Otinish» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
- аналитикалық ойлау, деректердің үлкен көлемін талдай білу, шешімдерді дербес қабылдау қабілеті, іскерлік хат алмасу дағдылары;
- коммуникативтік дағдылар, келіссөздер жүргізу қабілеті, командада жұмыс істей білу, тиімді ішкі өзара іс-қимыл.
Жұмыс шарты:
Жұмысқа қабылдау нысаны: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты
Жұмыс кестесі: аптасына 5 күндік жұмыс, жұмыс уақыты сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін
Іссапарлар:Мүмкін
Еңбек демалысы: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
Әлеуметтік пакет: Медициналық сақтандыру
Байланыс телефоны: 8 (7172) 72-52-52 (ішкі 1124)
Түйіндемені ok@ke.kz электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.