Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
2022 ЖЫЛ ІШІНДЕ "ҚАЗАҚСТАН ИНЖИНИРИНГ" ҰК" АҚ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАРЫ
  • 2021 жылғы желтоқсанда "Достық Эдвайзори" ЖШС "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Корпоративтік басқару диагностикасын жүргізді, оның қорытындысы бойынша 2022 жылғы ақпанда "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ корпоративтік басқаруды жетілдірудің 2021 – 2022 жылдарға арналған жоспары түзетілді.
  • 2022 жылғы ақпанда "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарушы директор, Басқарма мүшесі Ли Дмитрий Альбертовичтің өкілеттігі тоқтатылды.
  • 2022 жылғы наурызда "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы болып Теміржан Қайратұлы Әбдірахманов тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Мұхтар Жұмағазыұлы Керейбаев қызметтен босатылып, "Тынысс" АҚ Бас директоры болып тағайындалды.
  • 2022 жылғы сәуірде Жалғыз Акционердің шешімімен – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Әбдірахманов Теміржан Қайратұлы және Қожахметов қуат Бакирович (тәуелсіз директор) сайланды.
  • 2022 жылғы маусымда жалғыз акционердің шешімімен – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілді.
  • 2022 жылғы маусымда "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен басқарушы директорлар, Басқарма мүшелері Әйтекенов Санияр Есенұлы мен Жаңбыршы Көбей Жақсыбайұлының басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттіктері тоқтатылды.
  • 2022 жылғы маусымда "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарушы директор, Басқарма мүшесі болып Исматов Гарып Мұратұлы тағайындалды.
  • 2022 жылғы тамызда Жалғыз Акционердің шешімімен – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өкілеттік мерзімі 3 (үш) жыл болатын 8 (сегіз) мүшеден тұратын директорлар кеңесінің жаңа құрамы айқындалды.
  • 2022 жылғы қыркүйекте "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасының орынбасары С. А. Шунаеваның өкілеттігі тоқтатылды.
  • 2022 жылдың қазан айында Жалғыз Акционердің шешімімен – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Жиксанғалиұлы Мырзабаев сайланды.

Кері қайту