2019 жылы Қоғамның Директорлар кеңесінің 6 отырысы өтті. Қоғамның Директорлар кеңесі 75 мәселені қарауға шығарды, олардың 66-сы қаралды.
Директорлар кеңесінің отырыстары тұрақты негізде Директорлар кеңесінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.
Жалпы алғанда, есепті кезең ішінде Директорлар кеңесі және оның комитеттері Қоғамға жүктелген міндеттерді тиімді шешу үшін Жалғыз акционермен, атқарушы органмен және корпоративтік қатынастардың барлық мүдделі тараптарымен белсенді түрде жұмыс жасады.