Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

Смағұлов Азамат Сапаргелдіұлы

Тәуелсіз директор

Смағұлов Азамат Сапаргелдіұлы  1984 жылдың 12 тамызында Павлодар облысы 

Шарбақты ауданында дүниеге келген. Павлодар қаласының  жалпы орта білім беретін мектебін бітірді. Құқықтану мамандығы бойынша Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде оқыды, сондай-ақ «Экономика» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тамамдаған.

А.С. Смағұлов еңбек жолын 2006 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның ұйымдастыру — бақылау департаменті бөлімінде бас маманның орынбасары қызметінен бастаған болатын.  Сондай-ақ, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ, «Петропавл қаласының ауыр машина жасау зауыты» АҚ сияқты ірі мекемелерде еңбек етті.