Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Сауда-саттық туралы хабарлама

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Мұнаймаш» АҚ 23,65 % (жиырма үш бүтін жүзден алпыс бес пайыз) жай акцияларын сату бойынша 2023 жылы «27» сәуірдегі (Астана уақыты бойынша) сағат 12:00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі-Веб-портал) басталатын электрондық конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы (№6 хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Электрондық конкурсқа шығарылады:

Активтің атауы: «Мұнаймаш» АҚ (бұдан әрі – Актив және Қоғам) 23,65 % (жиырма үш бүтін жүзден алпыс бес пайыз) жай акцияларын.

Активтің меншік иесі: «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Қоғамнің қызмет түрі: Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық барлау бұрғылау жабдығын өндіру.

Қоғамнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, М.Әуезов көшесі, 264.

Активтің бастапқы бағасы: 232 081 002 (екі жүз отыз екі миллион сексен бір мың екі) теңге.

Активті сатудың ерекше шарттары:

  1. «Мұнаймаш» АҚ қызметінің бейінін (мамандануын) сақтау;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын «Мұнаймаш» АҚ қызметкерлерінің штат санының кемінде үштен екісінің сақталуын қамтамасыз ету;
  3. «Мұнаймаш» АҚ-да жұмыс орындарын сақтау немесе жаңа жұмыс орындарын құру;
  4. сатып алушыға меншік құқығы өткеннен кейін күнтізбелік 12 ай ішінде мәмілелер жасауға (қайта сатуға, кепілге, басқаруға беруге және басқаларға) шектеу және (немесе) активке қатысты белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу.

Активтің акциялар пакетін сатып алу-сату Шартын жасасқан күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік ай ішінде ұзартуға жол беріледі. Бастапқы жарнаның мөлшері активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төленетін сатып алу бағасының 30 % - ынан (отыз пайызынан) кем емес. Одан кейінгі сомаларды енгізу кезінде, әлі енгізілмеген сомаларға сатушы (Компания) пайыздарды нақты төлем күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын негізге ала отырып есептейді.

Егер Веб-порталда Активті өткізу жөніндегі электрондық конкурс өткізілді деп танылса, онда сатушы (Компания) мен Сатып алушы (Активті өткізу жөніндегі электрондық конкурстың жеңімпазы) арасындағы электрондық сауда-саттық нәтижелерінің хаттамасында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей сатушы (Компания) Веб-порталда орналастырған "Мұнаймаш"акционерлік қоғамының жай акцияларын сатып алу-сату шарты жасалады қоса берілген Активтің сатып алу бағасын төлеу кестесімен.

Электрондық конкурсқа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен жүргізіледі және электрондық конкурс басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Электрондық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында таныса аласыз www.gosreestr.kz.

Қоғам туралы қосымша ақпаратпен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (Сатушы) мекенжайына электрондық мекенжайларға ресми сұрау салу арқылы танысуға болады: ke@ke.kz, dkr@ke.kz. Сұрау салу электрондық конкурстың өтінімдерін қабылдау мерзімі кезеңінде қабылданады. Ақпарат құпиялылық туралы келісімге қол қою шартымен беріледі.

34 812 151 (отыз төрт миллион сегіз жүз он екі мың жүз елу бір) теңге мөлшерінде кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Төлем мақсаты: электрондық конкурсқа қатысуға арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі кепілдік ретінде қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Егер электрондық конкурс жеңімпазы сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамаға қол қоймаса, сатушы кепілдік жарнасын қайтармайды.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама – электрондық конкурс нәтижелерін белгілейтін және жеңімпаздың және сатушының Активі сатуға арналған келісім-шартқа қол қою туралы міндеттемелерін орындауы жөніндегі құжат.

Электрондық конкурс өткізу тәртібі, электрондық конкурсқа қатысуды ресімдеу тәртібі туралы, жеңімпазды анықтау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу алу орталығы» АҚ-ның көпшілікке қолжетімді www.gosreestr.kz сайтында жарияланған Регламентпен танысуға болады.

Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 72 52 52 (ішкі 1957, 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) алуға болады.

Кері қайту