«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «ҚазИнж Электроникс» ЖШС жарғылық капиталындағы Компанияның қатысу үлесінің 80 %-ын (сексен пайызын) сату бойынша 2023 жылы «28» сәуірде сағат 12:00-де (Астана уақыты) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында басталатын бағаны төмендету шарттарындағы электрондық аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы (№6 хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) және сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бағаны төмендету шарттарындағы электрондық аукционға қойылатын:
Актив атауы: «ҚазИнж Электроникс» ЖШС (бұдан әрі – Актив және Серіктестік) жарғылық капиталындағы Компанияның қатысу үлесінің 80%-ы (сексен пайызы).
Актив иесі: «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Серіктестік қызметінің негізгі түрлері:
- ҚР Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) байланыс құралдарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;
- ҚР ҚМ байланыс құралдарын техникалық сүйемелдеу;
- ҚР ҚМ радиоэлектрондық қарсы іс-қимыл (РЭҚ) және радиоэлектрондық барлау (РЭБ) құралдарының жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;
- байланыс құралдарын, артиллериялық жүйелерді, РЭП және РЭР техникасын жаңғырту;
- ҚР ҚМ және басқа да күштік ведомстволардың тақырыбы бойынша ТКЖ орындау;
- ҚР ҚМ зымыран әскерлері мен артиллерия құралдарын техникалық сүйемелдеу;
- дербес компьютерлер мен серверлік жабдықтарды, оның ішінде ақпаратты қорғау құралдарымен жиынтықта өндіру және оларды өткізу.
Серіктестіктің қолданыстағы лицензиялары:
1) іздестіру қызметі 16.02.2018 жылғы №18003528;
2) монтаждауды, баптауды, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы бұйымдар мен олардың аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу 14.06.2016 жылғы №16009633;
3) жобалау қызметі 26.10.2017 жылғы МҚЛ № 00031;
4) құрамында радиоактивті заттар бар радиоактивті заттармен, аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу 16.04.2018 жылғы №18007556;
5) құрылыс-монтаждау жұмыстары 26.10.2017 жылғы МҚЛ № 00031;
6) тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану 29.12.2017 жылғы №17021962;
7) тау-кен және химия өндірістерін пайдалану 19.03.2018 жылғы №18005666.
Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 129/1а ғимарат.
Активтің бастапқы бағасы: 1 037 641 584 (бір миллиард отыз жеті миллион алты жүз қырық бір мың бес жүз сексен төрт) теңге.
Активтің ең төменгі бағасы: 172 940 264 теңге (жүз жетпіс екі миллион тоғыз жүз қырық мың екі жүз алпыс төрт) теңге.
Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде бөліп төлеуге жол беріледі. Бастапқы жарнаның мөлшері активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төленетін сатып алу бағасының 30 % - ынан (отыз пайызынан) кем емес. Одан кейінгі сомаларды енгізу кезінде, әлі енгізілмеген сомаларға сатушы (Компания) пайыздарды нақты төлем күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын негізге ала отырып есептейді.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптармен Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында таныса аласыз www.gosreestr.kz.
51 882 080 (елу бір миллион сегіз жүз сексен екі мың сексен) теңге мөлшерінде кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Төлем мақсаты: электрондық аукционға қатысу үшін арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі ретінде кепілдік қабылданбайды.
Кепілдік жарналардың «Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.
Егер байқау жеңімпазы сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамаға қол қоймаса, сатушы кепілдік жарнасын қайтармайды.
Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама – электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаздың және сатушының Активі сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қоюы бойынша міндеттемелерін орындауды белгілейтін құжат.
Электрондық аукцион өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі туралы, жеңімпазды анықтау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның көпшілікке қолжетімді www.gosreestr.kz сайтында жарияланған Регламентпен танысуға болады.
Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 72 52 52 (ішкі 1957, 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) алуға болады.