Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Сауда-саттық туралы хабарлама

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) жылжымайтын мүлікті сату бойынша 2023 жылы «05» мамырда сағат 12:00-де (Астана уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Веб-портал) басталатын бағаны көтеру шарттарындағы аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы шешімімен бекітілген (№6 хаттама) «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Бағаны көтеру шарттарындағы аукционға қойылатын:

Компанияның жылжымайтын мүлкінің атауы: жалпы ауданы 1068,7 шаршы метр литер (ч.Б) қоймасы және жалпы ауданы 1039,1 шаршы метр литер (ч.В) қоймасы, ауданы 0,2116 га жер учаскесіне меншік құқығы бар (кадастрлық нөмірі 20:317:007:052), нысаналы мақсаты – зауытты пайдалану және оған қызмет көрсету үшін, орналасқан мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғылы (бұрынғы Красногвардейский тракті), 284 үй (бұдан әрі – Актив).

Активтің меншік иесі: «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Активтің бастапқы бағасы: 190 452 000 (жүз тоқсан миллион төрт жүз елу екі мың) теңге (ҚҚС есептемегенде).

Активтің құнын төлеуді (сатып алу Бағасы) Сатып алушы мынадай тәртіппен жүргізіледі:

  • Аванстық төлем сатып алу бағасының (бұдан әрі – Аванстық жарна) кемінде 15% мөлшерінде Активті сатып алу-сату Шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі (кепілдік жарна тиесілі аванстық жарнаның есебіне есептеледі).
  • Активті сатып алу-сату Шарты бойынша кемінде 85% мөлшерінде қалған сома Активті сатып алу-сату Шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Активті сату бойынша өткізілген электрондық сауда-саттықтың нәтижелері бойынша Сатып алушы, Сатушы (Компания) жасаған және Сатушы (Компания) Веб-порталда орналастырған нысан бойынша Активті сатып алу-сату Шартына қол қоюға міндеттенеді.

Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу Веб-порталда хабарлама жарияланған күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Электрондық аукционға қатысушыларға қойылатын талаптармен Веб-порталда таныса аласыз.

Актив туралы қосымша ақпаратпен Сатушының (Компанияның) мекенжайына келесі электрондық мекенжайларға ресми сұрау салу арқылы танысуға болады: ke@ke.kz, dkr@ke.kz. Сұрау салу электрондық аукционның өтінімдерін қабылдау мерзімі кезеңінде қабылданады. Ақпарат құпиялылық туралы келісімге қол қою шартымен беріледі.

28 567 800 (жиырма сегіз миллион бес жүз алпыс жеті мың сегіз жүз) теңге мөлшеріндегі кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Төлем мақсаты: электрондық аукционға қатысуға арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі кепілдік ретінде қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Электрондық аукционда жеңіске жеткен қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда, Сатушы кепілдік жарнаны қайтармайды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама электрондық аукционның нәтижелерін және жеңімпаз бен Сатушының Активті сату бағасы бойынша сатып алу-сату Шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Электрондық аукционды өткізу тәртібі, электрондық аукционға қатысуды ресімдеу тәртібі туралы, Жеңімпазды айқындау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ www.gosreestr.kz сайтында көпшілікке қолжетімді Регламентте танысуға болады.

Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 72 52 52 (ішкі 1957, 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) телефондары арқылы алуға болады.

Кері қайту