Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Сапар барысында А. Мамин Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшылары — «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ мен «Петропавл ауыр машина жасау зауытының» (ПАМЗ) технологиялық жаңғыртылу барысымен танысты.

С.М. Киров атындағы зауыт 2,2 млрд теңгеге заманауи станоктар алды. Жаңа цехта көпқабатты платалар – барлық тұрмыстық техника бөлшектері өндіріледі. Қазақстанда бұл жабдықтың баламасы жоқ. Биыл зауыт қазақстандық брендпен заманауи компьютерлік техника өндірісін игереді, бұл отандық ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және электронды өнеркәсіпті дамытудың маңызды факторы болмақ.

ПАМЗ 39 заманауи өнімділігі жоғары станоктар сатып алды, барлық технологиялық процесс компьютерлендірілген. Тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған термос вагондарды шығарудың жаңа желісі ашылды. Осы жылдың қорытындысы бойынша зауыт өнімдерінің көлемінің 9,4 млрд теңгеге дейін өсімі күтілуде, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,5 есеге артық (3,4 млрд теңге) ,- деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту