Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бұрын хабарланғандай ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында 11-ші қазақстандық-түркиялық үкіметаралық экономикалық комиссиясының жұмысына қатысқан болатын.

Қазақстандық делегация құрамында   «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов «Aselsan», «Infotecs Technology», «Koç Holding» және «Түркия аэроғарыш корпорациясы» сияқты компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Кездесулер барысында «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» бірлескен кәсіпорынның даму перспективасы, сондай-ақ криптотелефондарды, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын (БПЛА) және бронды техникаларды Қазақстан аумағында шығару мәселелері талқыланды.

Қос тарап та бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін екі жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және дамытуға ықыластық танытты.

Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту