Сары-Шаған полигонында отандық кәсіпорында күрделі жөндеуден өткен С-300 зениттік-ракеталық зымыранының жауынгерлік атыстары аяқталды. Сынақ барысында барлық нысаналар атып түсірілді, бұл жөндеу жұмыстарының жоғары сапасын айғақтайды.
Әрі қарай С-300 зымыраны Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін қорғау үшін жауынгерлік кезекшілікке түспек.
Бұл жобаны отандық «Гранит» кәсіпорны «Қазақстан инжиниринг» АҚ –мен бірлесіп жүзеге асырғанын айта кету керек.
Суретті түсірген Г.Беденко
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі