2019 жылғы 20 қыркүйекте Атырау қаласында Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларының операторлары: Теңізшевройл (ТШО), Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) және Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) қатысуымен «Бірегей жабдықтар өндірісін оқшаулау» (OEM) атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «PSA» ЖШС қолдауымен отандық машина жасаушылардың «үлкен үштіктің» сатып алуларына қатысуын кеңейту және тиісінше қазақстандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту мақсатында өткізілді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ делегациясын басқарма төрағасының орынбасары Р.Асансеитов бастап барды.
Компанияның өкілдері, оның ішінде ПЗТМ, KAE, КАИ, OEM-өндірушілермен (Schneider Electric, General Electric, Honeywell, Baker Hughes және т.б.) тікелей келіссөздер барысында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қолда бар және перспективалы мүмкіндіктерін таныстырды.
Ынтымақтастықты орнату жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.