Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Өндіріс озаттары құрмет белгілермен марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы өтіп жатыр. Форумға  мыңнан аса делегаттар, оның ішінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қарасты кәсіпорындардың өкілдері де бар. 

Форум аясында осы саланың үздік мамандарына «Құрметті машина жасаушы» белгісі табыс етілді. Жоғары марапатқа ие болғандардың ішінде Компанияның еншілес кәсіпорындарының төмендегідей қызметкерлері бар:

  • Марат Мұхамеджанов ("Тыныс" АҚ слесары);
  • Василий Таранов ("Мұнаймаш" АҚ  инженер-конструкторы);
  • Ирина Сафонова ("ПЗТМ"  АҚ бөлім бастығы);
  • Қанат Жүнісов ("КазАвиаиндустрия" ЖШС бас инженерінің орынбасары);
  • Асқар Карпыков ("Зенит" АҚ техбюро бастығы);
  • Анатолий Долговых ("Семей машина жасау зауытының" электр дәнекерлеушісі);
  • Геннадий Ушков ("С.М. Кирова" атындағы зауыт» АҚ 6-шы разрядты токары);
  • Светлана Иванова  ("Гидроприбор" ҒЗИ АҚ инженер-кострукторы).

Форума барысында  "С.М. Кирова" атындағы зауыт» АҚ (Компанияның еншілес кәсіпорны) мен «ҚТЖ» ҰК АҚ рельс байланыстырғыштарын дайындау және шығару жөніндегі ұзақ мерзімді келісім-шартты әрі қарай созу туралы Меморандумға қол қойды

Қазір зауыт темір жол көлігінің автоматикасы, телемеханикасы, байланысы және қауіпсіздік жүйесі құрылғыларын шығаруға мамандануда.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту