2019 жылдың 10 қыркүйегінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұжымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Еңбек ұжымы алдында сөз алған Компания Омбудсмені Максұт Әбілқайыр аталған құжатта ішкі саясаттың, мемлекеттік институттарды нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғаудың, экономиканы жаңғыртудың, халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің өзекті мәселелері көрініс тақаннын айтты.
Үкімет заңнаманы 5G, «Ақылды қалалар», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажет деп тапсырма берді.
Қазір цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындарында өндірісті цифрландыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Цифрлық технология жұмыстың базалық қағидаттарын өзгертіп, бұрын қолмен істелген көп жұмыстарды автоматтандырады.
Компания басшылығы атап өткендей кәсіпорындарды жаңғырту,шығаратын өнімдердің санын арттыру, өндірістің жаңа бағыттарын игеру – біздің Президент Жолдауын орындауға қосқан үлесіміз болып табылады.
Осындай шаралар Компанияның барлық еншілес кәсіпорындары мен ұйымдарында өтіп жатыр.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі